23
мамыр
2026
Балабақша туралы мәлімет
“Абылай-Б” жеке балабақшасы 2019 жылы 13 қарашада ашылып, сол жылдан бері қарай қызметін атқарып келеді. Балабақша қазіргі таңда 20 баланы тәрбиелеп отыр.Тәрбиеленушілер мемлекеттік тілде тәрбиеленуде. Балабақшада қабылдау бөлмесі, оқу-тәрбие, ойын бөлмесі, жатын, асхана, медицина бөлмесі мен қойма бар. Материалдық-техникалық базасы стандартқа сай жабдықталған. Жылу жүйесі қаттыотынмен жылытылады. Су, электр, жұйесі орталықтандырылған. Мектеп- интернат өрт, дабыл қондырғылары және бейне бақылау камераларымен жабдықталған. Балабақшадамедициналық кабинеті жұмыс жасайды. Медициналық кабинетте емшара бөлмесі, оқшаулау бөлмесі, санитарлық қағидаларғасәйкес құрал - сайман жабдықтармен жабдықталған.
Балабақшаауласы көгалдандырылған, шырша ағаштары егілген.Балалар ойын алаңы, биседкамен жабдықталған.
Балабақшаауласы көгалдандырылған, шырша ағаштары егілген.Балалар ойын алаңы, биседкамен жабдықталған.
Кәсіпорын қызметінің мақсаты– мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыру болып табылады. Өз қызметінде Кәсіпорын Қазақстан Республикасының Конституциясына, ҚР «Білім туралы» заңына, ҚР Кодекстеріне, ҚР Заңдарына, Үкімет қаулыларына, Құрылтайшының шешімдеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сүйеніп отырады.Кәсіпорынның міндеттері:Мектепке дейінгі жастағы
балалардың дене және психологиялық денсаулықтарын қорғау және нығайту, оларды салауатты өмір салтының құндылықтарына баулу. Мектеп жасына дейінгі балалардың зияткерлік және жеке басының дамуын қамтамасыз ету, олардың ынталарын қанағаттандыру, жалпы адами және ұлттық құндылықтарға бейімдеу негізінде қабілеттерін дамыту, бастамашылықты, білімқұмарлықты, еркіндікті және шығармашылық жағынан өзін-өзі көрсету қабілетін дамыту. Балалардың мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың білім беру бағдарламаларын игеруіне жағдай жасау; Тәрбиеленушілердің ата-аналарымен балабақша арасында тығыз қарым-қатынасты нығайту.
Мектеп жасына дейінгі балаларды үйде тәрбиелейтін отбасыларына әдістемелік, диагностикалық және консультативтік көмекті ұйымдастырылуын жүзеге асыру.